Британияда 30 бала тәрбиелеген жұп коронавирустан көз жұмды

Британияда 30 бала тәрбиелеген жұп коронавирустан көз жұмды

Британияның Уоррингтон қаласында 30 бала өсіріп тәрбиелеген қарт жұбайлар коронавирустан қайтыс болды. Ерлі-зайыптылар өздерінің төрт баласын және 26 асырап алған балаларын өсірген. 80 жастағы Хефин Уильямс пен оның 74 жастағы әйелі Вэлери Уильямс волонтер болып, өмір бойы қарттарға қамқорлық көрсеткен. Бұл туралы Daily Mail хабарлады. Екеуі наурыз айында коронавируспен ауруханаға түсіп, сонда көз жұмды.