Коронавирус: Қазақстанда тағы 30 зертхана ашылады
Коронавирус: Қазақстанда тағы 30 зертхана ашылады
150
оқылды
Қазақстанда COVID-19 вирусын анықтау бойынша тәулігіне 16 мың зерттеу жүргізіледі. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады. «Ең алдымен, медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және коронавирус инфекциясы пандемиясының таралуымен күресіп жүрген басқа да тұлғалар тексеріледі. Сонымен қатар ауыр созылмалы аурулары бар адамдар, жүкті әйелдер қаралады», - делінген ақпаратта. Биылғы мамыр айының соңына дейін зерттеу жұмыстарын тәулігіне 25 мыңға дейін арттыру және Қазақстан бойынша тағы 30 зертхана ашу көзделген. «Басты мақсат – инфекцияның жасырын таралу ошақтарын анықтау», - деді Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабынан.