Алматыда карантиннің екінші айында 42500 теңге 45 385 адамға берілді
Алматыда карантиннің екінші айында 42500 теңге 45 385 адамға берілді
© Сурет ғаламтордан
Төтенше жағдай мен карантинге байланысты табысынан айырылған азаматтар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына тағайындалған әлеуметтік төлем кімге және қандай мөлшерде берілгені туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифинг кезінде Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева кеңінен түсіндіріп берді. «Төтенше жағдайға байланысты табысын жоғалтқан азаматтарға берілетін 42 500 тг жүзеге асыру ережелері қандай екенін түсіндіру үшін бұған дейін бірнеше рет брифингтер өткізілді. Жалпы жүйеге 896 752 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 416 045 адамға сомасы 17,5 млрд тг болатын әлеуметтік көмек тағайындалды. Бірінші айда оны 370 660 адам алса, екінші айда 45 385 адамға берілді», – деді Р. Шимашева. Бақылау және тексеріс нәтижесінде талаптарға сай келмейтін 471 мың өтініш қабылданбаған. Төлемдерді тағайындаудан бас тарту себептері мынадай: – төтенше жағдай жарияланғаннан бұрын соңғы 12 айда әлеуметтік аударымдардың/бірыңғай жиынтық төлем/міндетті зейнетақы жарналарының болмауы, егер БЖТ өтініш беру күніне дейін төленген болса (68%); – өтініш беруші – әлеуметтік төлемдер мемлекетке тиесілі кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер жүргізетін және мемлекеттік органдар басқаратын тұлға (5,8%); – БЖТ төлеушісі, алғашқы төлем төтенше жағдай кезінде төленіп (2020 жылдың 16 наурызынан бастап), сонымен қатар төлемдер мен жәрдемақылар алушылар (20%); – екіден астам төлеушілерден міндетті әлеуметтік аударымдар (міндетті зейнетақы жарналары немесе бірыңғай жиынтық төлем) жасалған, оның ішінде бір кезеңге өздері үшін төлегендер (6%); – т.б. (ҚР шыққандар, алушының қайтыс болуы) (0,2%). «Әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру ережесіне сәйкес (Еңбек министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы №110 Бұйрығы) Басқарма қабылдаған құжаттар штабпен өңделіп, Мемлекеттік корпорацияға, содан кейін төлем жүргізу үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жіберіледі», – деді спикер. Брифинг кезінде басқарма басшысы «Жаңа Алатау» қоры есебінен азық-түлік жиынтықтарымен қамтамасыз етілген азаматтар жайлы да айтып өтті. «Барлық мұқтаж санаттарды есепке алғанда азық-түлік себетін 12 797 адам алды. Оның ішінде 2481 жалғызбасты зейнеткер болса, 5443 адам АӘК алушылар, ал қалған 4873 адам байланыс орталығы арқылы белгілі болған мұқтаж азаматтар», – деді Р. Шимашева. Айта кетейік, Төтенше жағдай кезінде 2 айлық есептік көрсеткіш, яғни 5567 тг көлемінде әлеуметтік көмек 352,1 млн тг есебінде 63,2 мың адамға берілді. Олардың ішінде: – 1, 2 топтағы мүгедектер – 17 128 адам, 95,4 млн тг; – мүгедек-бала – 6577 адам, 36,7 млн тг; – мүгедек баланы күтумен айналысатын ата-аналар – 6185 адам, 34,6 млн; – АӘК алушылар санынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар – 6699 адам, 37,3 млн; – АӘК ересек алушылары – 7580 адам, 42,2 млн; – 3 топтағы мүгедектер – 10 253 адам, 57,1 млн; – ресми түрде тіркелген жұмыссыздар – 8800 адам, 48,9 млн тг көмек алды.