Ер елімен жақсы
Ер елімен жақсы
©Сурет интернеттен алынды
441
оқылды
Қазақстандық деп осы республикада туғаны туралы құжатпен ғана саналады. Солай бола тұра ол заңдылықтың бұзылуы бірінші рет емес.
Бір мысал бар. Мәселен, кеудесімен жау ДЗОТ-ның амбразурасын жауып қаза болған 21 жастағы Григорий Постольников. Соғыс кезінде барлаушы ретінде біраз тапсырманы орындап, отанға деген адалдығын танытқан болатын.
[caption id="attachment_35615" align="alignright" width="474"]соғыс © Сурет интернеттен алынды[/caption] 1944 жылдың 23 ақпанында рота Мелехов ауылын басып, әскер келгенше ол жерді беріспеуі тапсырылған. Ұрыс барысында олар рота командирінен айырылған. Сол кезде Григорий Постольников басқарушылықты  өз мойнына алып, «Отан үшін алға!» деген ұранмен жауға шапқан.
Ауыл ішіндегі екі үйден немістерді шығарып, атып түсірген. Артынан ерген сарбаздар да рухтанып, жауға жаңа күшпен лап берген. Әскерімізге тоқтаусыз атқылап тұрған пулеметке Григорий екі зеңбіректі қолына алып, немістердің ДЗОТ-ына еңбектеп барған. Біраз уақыттан соң зеңбіректің екі рет жарылғаны естілді. Бірақ одан бізге еш пайда болмады. Немістер пулеметтен оқ атуын тоқтатпаған.  Әскеріміздің алға жылжуы мүмкін болмай қалды. Міне, сол уақытта Григорий ДЗОТ-тың амбарзурасын кедесімен жауып, қаза болған.
1944-жылдың 10-наурызында оған Совет Одағының батырына ұсынылған, бірақ берілмеді. Негізі ол Ташкент қаласында дүниеге келген, яғни өзбекстандық. Бауыры Постольникова Екатерина Николаевна — сол қаладағы 52-учаскенің 52-үйде тұрған. Григорийдің екі марапат бетшесінде оның Гурьев пен Новосибирск облыстарындағы Гурьев аудандық әскери комиссариаттарынан алынғаны жазылған…