Талдықорғанда жоғалып кеткен қойшы аман табылды
Талдықорғанда жоғалып кеткен қойшы аман табылды
© Сурет ғаламтордан
502
оқылды
Талдықорғанда қой іздеп шығып, жоғалып кеткен бақташы табылды.
«2020 жылғы 29 сәуір күні таңғы 07 сағат 15 минутта Алматы облысы ТЖД-ға Талдықорған қаласының «Қызыл тас» саяжайының тұрғыны жоғалғандығы жөнінде хабар түсті. 1972 жылғы азамат 28 сәуір күні таңғы сағат 7 шамасында үйінен жоғалып кеткен қойларды іздестіруге шығып, қайтып оралмаған. Іздестіру-құтқару жұмыстары Алматы облысы ТЖД (10 адам, 2 бірлік техника және іздеу иті), Алматы облысы ПД (5 қызметкер және 1 бірлік техника) қызметкерлерінің күшімен жүргізілді. Сондай-ақ, іздеу жұмысына жоғалған адамның туыстары мен «Көшпенділер» автоәуесқойларының (7 адам және 3 бірлік техника) еріктілері қатысты», - делінген Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, бүгін 11 сағат 50 минутта іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды. Адасқан азамат Талдықорған қаласының «Мереке» саяжайының маңындағы таулы аймақтан табылды. Денсаулығы жақсы, медициналық көмекке мұқтаж емес.