Еркебұлан сейдахмет жастар құрамасына шақыртылды

Еркебұлан сейдахмет жастар құрамасына шақыртылды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары аясында Бельгия мен Сан-Марино құрамаларына қарсы ойнайтын футболшылардың тізімін жариялады.

Чех маманы тарапынан 24 футболшы шақырту алған. Оның ішінде екеуі шетел чемпионатында ойнайтындар. Бір қуантқаны – шақырылған ойыншының барлығы дерлік өз клубтарында ерекше көзге түсіп жүргендер.

Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат»), Дмитрий Непогодов («Ордабасы»), Игорь Шацкий («Шахтер»); Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко (бәрі – «Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев, Ян Вороговский (екеуі де – «Қайрат»), Александр Марочкин («Қайсар»), Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Олжас Керімжанов («Жетісу»);

Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух («Астана»), Бауыржан Исламхан, Георгий Жуков, Исламбек Қуат (бәрі – «Қайрат»), Асхат Тағыберген («Қайсар»), Александр Меркель («Хераклес», Голландия), Максим Федин, Азат Нұрғалиев (екеуі де – «Тобыл»), Бақтиер Зайнутдинов («Ростов», Ресей); 

Шабуылшылар: Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Абат Аймбетов («Ақт#бе»), Тоқтар Жаңғлышбай («Ордабасы»).

Қазақстан құрамасы 8 маусым күні сырт алаңда Бельгия құрамасымен ойнаса, үш күннен соң «Астана-Аренада» Сан-Марино құрамасын қабылдайды. Қазір Бельгия құрамасы әлемдегі ең үздік құрамалар санатына жатады. Олардың құрамына әлем футболының кіл жұлдыздары топтасқан. Еуропалық команда ФИФА рейтингінде көш бастап келе жатыр. Ал Сан-Марино аталған рейтингтің 211-ші орынын иеленген.