Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңындағы өрттен екі қазақстандық қаза тапты
Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңындағы өрттен екі қазақстандық қаза тапты
Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңындағы өрттен екі қазақстандық қаза тапты. Бұл туралы Сырқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «29 сәуірде Оңтүстік Кореяның Ичхон қаласында логистикалық қойманың құрылыс алаңында өрт шығып, салдарынан 38 адам қайтыс болды, 10 адам жарақат алды. Іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Жергілікті биліктің хабарлауынша, қайтыс болған 38 адамның 29-ының аты-жөні анықталған. Соның ішінде екеуі Қазақстан Республикасының азаматы екені белгілі болды. Біздің Сеулдегі дипломаттар жергілікті билікпен байланыста», - делінген хабарламада.