Ораза - фитнеспен айналысуға кедергі емес
Ораза - фитнеспен айналысуға кедергі емес
565
оқылды
Меруерт, ораза кезінде фитнеспен айналысу қаншалықты дұрыс? Оның денсаулыққа зияны жоқ па? – Қасиетті Рамазан айында ниет етіп, ауыз бекіткен жандарға ораза қабыл болсын! Негізі фитнеспен айналысуды тоқтатпаған жөн. Мәселен, шет елдерде еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін жаттығумен  айналысады. Ал біздің елде фитнеске деген көзқарас басқашалау. Бізде арықтау не бұлшық етті өсіру үшін ғана барады. Ол – дұрыс емес.  width=Фитнес өміріміздің бір бөлшегіне айналуы тиіс. Күнделікті тамақтану, тістің жууы секілді фитнес те қалыпты нәрсеге айналуы керек. Спорт – заманға бейімделген адамның ажырамас бөлшегіне айналған. Күнделікті жаттығып жүрген адам ораза кезінде де өзін-өзі тежеуі мүмкін емес. Өз мөлшерінде фитнеспен айналыса береді. Оның ешқандай зияны жоқ.  width=Ал мүлдем айналыспаған жанның аяқасты оразада спортпен айналысуы әрине, қиындау болады. Оған қоса, ауызы берік болса, фитнеспен оразадан кейін айналысқаны дұрыс. Әйтпесе, бір жерін жарақаттап алуы да ықтимал.  width=– Фитнеспен айналысудың адам ағзасына пайдасы қандай? – Жалпы, фитнес ұғымы тереңге сіңіп кеткен. Бастысы – жаттығу адамның қан айналымын жақсартып, жүрек пен жүрек қантамырларының жұмыс істеуін реттейді. Тыныс алу жолдары да бір қалыпқа келеді. Қорытындылай келе, адам бойындағы әлсіздікті, әлжуаздықты, немқұрайлықты жойып, жігерлендіре түседі. Шыдамдылық пен ептілікке үйретеді. Спортпен үзбей айналысқан жанның жанарында от, бойында күш-қуат, дене-бітімі шымыр, ойы ашық та сергек болады. Бұл деген жақсы көрсеткіш. Ал оған жету-жетпеу –  әркімнің өз қолында.  width=– Елдегі төтенше жағдайға байланысты карантин жарияланып, жұмыс онлайнға көшті. Қазір жүргізіліп жатқан онлайн жаттығулар қаншалықты нәтижелі? Ол – рас, қазір жаттығуды онлайн жүргіземін. Тіпті, @meru_ermekova парақшамда онлайн марафон  бастадым. Әр дүйсенбі сайын жаңа топты жинақтап отырамын. Арасында ауызы берік жандар да аз емес. Меніңше, жақсы көрсеткішке ие болу – жаттығудың үйде не залда болуына қатысты емес. Егер адам нәтижеге бекінсе, мақсат орындалады. Бастысы, берілген тапсырма уақытылы, үздіксіз жасалуы тиіс. Әрине, жаттықтырушымен айналысу – бөлек. Жаттықтырушы әр адамға қажетіне орай жаттығу беріп, оны бақылап, қандай жылдамдықта, қанша рет жасайтынын қадағалап отырады. Бұл жерде біз бағыт-бағдар берушіміз, ал нәтижеге қол жеткізуші – қатысушы. Ал қатысушыларымның көрсеткіштері өте жақсы.  width=– Оразада жүрген жандарға қандай жаттығу жасауға кеңес берер едіңіз? Жаттығудың негізі – отырып тұру, пресс, турникте тартылу, кеудені жерден көтеру. Онсыз ешқандай нәтиже болмайды. Жоғарыда айтып кеткендей, жаттығу барысы әр адамға сай жасалады.   Бұл салада жұмыс істеп жүргеніме 6 жылдан асты. Жаттықтырушы ретінде ерлермен де, әйелдермен де жұмыс істеймін. Оның ішінде аяғы ауыр келіншектер де, босанғандар да бар. Өзім де ана болған соң, босанған қыз-келіншектердің бұрынғы  қалпына келуіне көмектескен ұнайды.  width=– Өткенде диетолог ауыз ашқан соң бір күндік судың нормасын толтыру үшін бірден 1 литр су ішу керегін айтты. Сол дұрыс па? Адам тәулігіне екі литр су ішу қажет екенін білеміз. Дегенмен ауыз бекіткенде ондай мөлшерде ішу зиян емес пе? Судың тәуліктің нормасы 1 келіге 30 мл су. Қанша мөлшерде су ішу әр адамның салмағына байланысты. Мысалы, егер салмағыңыз 50 келі болса, бір күндік нормаңыз – 1,5 литр сұйықтық. Онда да сіздің негізгі салмағыңыз қанша болуына қарай есептейсіз. Әр адамның бойына, дене-бітіміне қарай қалыпты салмағын шығаратын бағдарлама арқылы есептеледі. Толысып кеткен болсаңыз, артық салмаққа бола сұйықтықты да көбірек ішудің қажеті жоқ. Су емес, сұйықтық. Олай дейтініміз, міндетті түрде 1,5 литр су ішудің қажеті жоқ. Мысалы, сұйықтыққа шәй, кофе, сусын жатады. Бір литр су ішілсе, қалғаны шәй немесе кофемен-ақ толады. 2 литр су ішу керек деп қатып қалуға да болмайды.  width= Ең дұрысы – су ішу керек, бірақ өзің қалауыңша. Ораза кезінде ауыз ашатын уақыт  кешкілікке келіп тұр. Егер ұйқыдан тұрғанда қатты ісініп кетсеңіз, суды көп ішкендіктен емес, бүйректің дұрыс жұмыс істемеуінен. Сондықтан бүйрегіңізді дәрігерге көрсеткен абзал.