Дана Нұржігіт депутаттардың жиналыстарда қалғып кетуінің себебін айтты
Дана Нұржігіт депутаттардың жиналыстарда қалғып кетуінің себебін айтты
327
оқылды
Сенат депутаты, танымал журналист Дана Нұржігіт депутаттардың үлкен жиналыстарда қалғып кетуінің себебін ашып айтты. Тележүргізушінің айтуынша, мәселе жиында сөйлеп тұрған баяндамашыға тікелей байланысты көрінеді. "Мен тілге, шешендік өнерге, тіл тазалығына, интоннацияға, мәнерге мән беріп қалған адаммын ғой. Құлағым ондайға сақ. Сондықтан кейде пленарлық отырыстарға келіп, баяндама жасайтын адамдардың даусы, оқу мәнері, тіл тазалығы расында да сеп-сергек отырған адамды қалғытып жібереді. Кейде не айтып, не қойғанын түсінбейсің. Сөйлемінің басы бір жақта, аяғы бір жақта. Бастауышы аяғында, етістігі басында жүретін сөйлемдер бар. Содан кейде не айтқысы келіп еді деп, қиналып отырып бүкіл жаның, тәнің үлкен құлаққа айналып кететін кездер болады. "Құдай-ау не деп жатыр?" деп қаласың. Сол кезде бүкіл денең қиналған кезде және ол ұзақ уақытқа созылған кезде шаршап кететінің бар. Ол ұйықтайтын жер емес. Өте күрделі мәселелер көтеріледі. Бірақ, баяндап тұрған адамның мәнері мен ораторлық шеберлігіне байланысты. Сондықтан, менің өзімнің пайымым - ел алдына шығатын адамдардың ораторлық шеберлігі мықты болу керек" , - деді сенат депутаты. https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=DmKKjZpHt24&feature=emb_logo