Жеңіс сарбазы - Ташан Рамазанов
Жеңіс сарбазы - Ташан Рамазанов
©Сурет интернеттен алынды
202
оқылды
Ташан Рамазановтың 1944 жылдың 22-желтоқсанында Чехословакия, Словакия жеріндегі шайқаста ерлікпен қаза тапқан сарбаздың бірі. Ол 1910 жылы Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданының Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. [caption id="attachment_40262" align="alignleft" width="498"] width= © Сурет интернеттен алынды[/caption] 1917 жылы әкесінен, 1919 жылы шешесіне айырылып, жетімдіктің азабын шеккен. 1924 жылға дейін Теректі ауданындағы Қыдырбаев деген байдың жалшысы болған. Содан кейін төрт жылдай өзі туған ауданда орналасқан балалар үйінде тәрбиеленді. 1928-1932 жылдары Омск қаласындағы университеттің жұмысшы факультетінің студенті атанды. Оқуын тәмамдаған Ташан Петропавл қаласындағы Қарағанды облыстық атқару комитетінің кадр бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Бұл қызметте 4 ай отырып, 1934 жылға дейін Жаңаарқа, Қызылту аудандық комсомол ұйымдарының хатшысы болды.

1934-1937 жылдары Алматы қаласындағы қазақ кавалериялық полкта әскер қатарында отан алдындағы борышын өтеді. Онда кіші курсант дәрежесінен взвод командирі дәрежесіне дейін көтерілген. 1937 жылдың қазан айында әскер қатарындағы борышын өтеп болып, Жамбыл қаласындағы №49 жылқы зауытына директор қызметіне келді. Бұл қызметті 1941 жылы майданға шақырылғанға дейін атқарған. 1942 жылы «Ерлігі үшін» медалімен, І дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен мараптталған. Ол ұрыс алаңында жаяу әскердің жоқтығына қарамастан, шабуылға шығып, 12 танкіні құлатып салған.