Сапарбаев 500 адамға ауызашар берді
Сапарбаев 500 адамға ауызашар берді
©Dixinews.kz
124
оқылды
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 500 тұрғынға арнап ауызашар берді. Оған Шөлдала ауылының, Қарасу шағын ауданының және Тараз қаласы Төле би көшесіндегі жатақхананың тұрғындары қамтылды. «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің айтуынша, карантин жағдайына байланысты барлық санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сақталып, әрбір азамат үшін ауызашардың ас мәзірі алдын ала дайындалып, оны облыстық мешіттің қызметкерлері мен еріктілер үйме-үй жеткізіп берген екен. Үйде отырған ағайынға арнап ауызашар ұйымдастыру туралы аймақ басшысының игі бастамасына облыс әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары және танымал кәсіпкерлер қолдау білдірген. Осылайша аймақ басшысы өңірде алғаш болып онлайн түріндегі ауызашар беріп отыр.

Саятхан Сатылғанов, Жамбыл облысы