Роналду ардагер футболшылармен бірге ойнады (видео)

Роналду ардагер футболшылармен бірге ойнады (видео)

Бір команданың бапкері міндетін Аллегри мен Масини атқарды

27 мамыр күні Туриндегі «Альянц Стэдиумде» қайырымдылық матчы өтіп, оған әлем футболының аңыздары және Роналду бастаған танымал футболшылар қатысты.

Жасыл алаңға шыққан футбол жұлдыздарының ішінде Роналдудан бөлек Джанлуиджи Буффон, Франческо Тотти, Андреа Аньелли, Павел Недвед, Хавьер Занетти, Андреа Пирло, Джорджа Кьеллинилер бар.


Футболшылардан өзше Формула-1 жарысының автошабандоздары Херлес Леклерк, Себастьян Феттель, Джон Элканн, Мик Шумахер қатысты.


Бір команданың бапкері міндетін Аллегри мен Масини атқарса, қарсы тарапқа Платини мен Виалли жетекшілік етті.
 


Матчта Роналду гол соғып, өзінің сүйікті секірісін қайталап, оған жанкүйерлер «Siiiii!» деп айғайлап құрмет көрсетті.


Ол сондай-ақ өзінің шалқалап тебу соққысын да орындап, жанкүйерлерді тәнті қылды. 

https://youtu.be/JPizSBrWRRY

Кездесуден кейін Тотти желіге Роналдумен бірге түскен фотосын жариялап, «Алғаш рет бірге ойнадық» деп жазып қойды.