Алматы облысында көпбалалы медбикелерге ноутбуктер сыйға берілді
Алматы облысында көпбалалы медбикелерге ноутбуктер сыйға берілді
© Сурет ғаламтордан
168
оқылды
Әлеуметтік даму қоры мен Назарбаев университетінің өкілдері бірлесіп төтенше жағдай кезінде медицина қызметкерлері мен олардың балаларына қолдау көрсету мақсатында 13 ноутбук табыс етті7 Ноутбук Қарасай аудандық ауруханасының көпбалалы отбасылар мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған мейірбике, фельдшер және санитарларға берілді.
«Ноутбуктер әлеуметтік жағдайы төмен, үйінде көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларға берілді. Қазіргі пандемия кезінде оқушылар қашықтан оқып жатқаны белгілі. Сондықтан Әлеуметтік даму қоры мен Назарбаев университетінің аурухана қызметкерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз», - деді аталған аурухананың директорының орынбасары Марат Ақылбеков.