Австралияның астанасы коронавирустан таза өңір деп жарияланды
Австралияның астанасы коронавирустан таза өңір деп жарияланды
© сурет интернеттен алынды
244
оқылды
Австралияның астанасы Канберра коронавирустан таза өңір деп жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24». Мұнда алғашқы дерек 12 наурызда тіркелген. Содан бері 106 адам вирус жұқтырып, оның үшеуі көз жұмды. Қалған 103 науқастың барлығы аурудан айыққан. Соған қарамастан билік босаңсуға болмайтынын айтады. Аймақта пандемияға байланысты енгізілген шектеу шаралары әлі күшін жойған жоқ. – Біз осы нәтижені сақтап қалуымыз керек. Өзге өңірлерде коронавирустың таралуы әлі жалғасып жатыр. Сондықтан қауіп жоғары. Сол себепті халық гигиена ережелері мен әлеуметтік қашықтық жайлы ұмытпаған жөн, - дейді Австралия астаналық аумағының бас дәрігері Керрин Коулман.