Медқызметкерлердің жағдайымен танысты
Медқызметкерлердің жағдайымен танысты
Nur Otan партиясының Алматы филиалы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес медицина қызметкерлерінің уақытша тұрып жатқан орындарын бақылауға алды. Жуырда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров бастаған, құрамында партиялық бақылау комиссиясы төрағалары, аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудандық СЭС және АМБ өкілдері, қоғамдық ұйымдардың волонтерлары бар жұмыс тобы медицина қызметкерлерінің тұрып жатқан орындарын тексеріп, эпидемиологиялық нормаларды сақтау бойынша бірқатар тапсырма берді. Аталған шара барысында Ме­деу ауданында партбақылаудың мо­ниторинг тобы екінші рет Абай атын­дағы Қазақ ұлттық педаго­ги­ка­лық университетінің №3 жатақ­ха­насы мен «Мика сити отель» қо­нақүйінде болды. Бұл жерде 124 медицина қызметкері тұрады. Пар­тиялық комиссия тарапынан бі­рінші мониторинг кезінде анық­талған кемшіліктердің жойылуы тексерілді. – Мониторинг тобымен ме­ди­цина қызметкерлері тұратын ны­сан­дарды қайта бақылау кезінде эпидемиологиялық талаптардың сақ­талмағаны жөнінде фактілер анық­талды. Оларды жою бойын­ша тиісті іс-шараларды атқарып жа­­­­­­тырмыз. Сондай-ақ қайта ба­қы­­лау кезінде медицина қыз­мет­кер­лері тарапынан бірқатар ұсы­ныс айтылып, сұрақ қойылды. Олар­­дың бәрі партияның қалалық фи­лиалының төрағасы, қала әкі­міне жеткізіліп, бақылауға алы­на­ды, – деп атап өтті Nur Otan пар­тия­сы Медеу аудандық филиалы­ның партиялық бақылау комис­сия­­сының төрағасы Әміржан Нәбиев. Мейірбике Бақыт Әбіл­даева­ның айтуынша, өткен аптада ко­миссия медицина қызмет­кер­лері­нің тамақтануы мен қорғаныс құрал­дарымен қамтылуын тексе­ріпті. – Nur Otan партиясы де­меу­ші­лермен бірігіп, оларға санитай­зер­лер мен жеміс-жидек әкеліп берді. Әріптестерім Birgemiz қорынан 50 мың теңге материалдық көмек алу­­да. Елбасымыз бен Пре­зи­ден­ті­­мізге медицина қызмет­кер­ле­рінің қа-мын ойлап, көмектесіп жат­қан­дары үшін алғыс білдіреміз, – деді Бақыт Әбілдаева. Алдағы уақытта тексеру қо­ры­тындылары бойынша мониторинг топтары дайындаған анықтамалар толық талданып, тиісті шешімдер қабылданады.  

А.ЖАСАНҰЛЫ