4 мамырдан бастап сәуір және мамыр айларына әр ай сайын 15 мың теңгеден 30 мың теңге мөлшерінде коммуналдық шығындардың бір бөлігін жабу үшін көмек алуға өтінім қабылдау басталады. Бұл туралы Nur Otan партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимовке Fаcebook-тегі парақшасында хабарлады. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коммуналдық қызметті жүзеге асырушыларда жеке шоттары болған жағдайда коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге құқығы бар 7 санаттағы тұлғаларды анықтады: 1, 2, 3 топтағы мүгедектер; Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; көп балалы отбасылар; ең төменгі және одан да төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер; мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызілікті зейнеткерлер бар», - деп жазды ол.