Коронавирус пандемиясы балаларға медициналық қызмет көрсетуге, атап айтқанда, оларды басқа ауруға қарсы егуге кедергі жасайды. Бұл туралы Женевадағы баспасөз мәслихатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус мәлімдеді, - деп жазады 24.kz. Бірқатар дамушы елдерде полиомиелитке қарсы егу тоқтатылды. «Сондай-ақ балаларға арналған екпелер мен басқа да ауруларға қарсы бағдарламалар қысқарды», - деп атап өтті ол. Батыс Еуропада карантиндік режимнің әлсіреуіне қарамастан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы адамзатты абай болуға шақырады. - Еуропада шектеу шаралары азайғандықтан, біз елдерді барлық науқастарды анықтап, оларды оқшаулауға және тестілеуге, барлық деректерді өңдеуге, сондай-ақ індеттің таралуын әлі де төмендету үшін әрбір байланысты қадағалауға шақырамыз. Пандемия әлі аяқталмайды. ДДСҰ Африкада, Шығыс Еуропада, Латын Америкасында және кейбір Азия елдерінде COVID-19 инфекциясының өсуіне әлі де алаңдаулы, - деді ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус. - Карантиндік шараларды жеңілдету кезінде мынаны ескеріңіздер: егер шектеулер тым ерте алынып тасталса, карантин, - деді ТЖ жөніндегі ДДСҰ арламасының атқарушы директоры Майкл Райан.