Жеңіске үлесін қосқан сарбаз
Жеңіске үлесін қосқан сарбаз
© Сурет интернеттен алынды
169
оқылды
Қожамсейіт Шаяхметов Алғабас ауылында туған. Ол жастайынан әке-шешесінен ерте айырылып, аталас ағайыны Ізтөле баласы Тойшыбай ақсақалдың бауырында өскен. Ұлы Отан соғысына өз еркімен сұранып, 1942 жылы майданға аттанады. [caption id="attachment_40376" align="alignleft" width="485"] width= © Сурет интернеттен алынды[/caption] Дайындап оқыту полкына түскен ол майданның алдыңғы шептерінде болып, алғашқы ұрыста-ақ өзінің батыл, ержүрек жауынгер екенін көрсете білді. Мәселен, ол қарша борап тұрған жаудың оғына қарамастан, рота командирінің бұйрығын тиянақты орындады. Қожамсейіт Шаяхметов жаудың оқ жаудырып тұрған нүктелерін дәл анықтап, КВ №525 танкісімен дұшпанның оқ-дәрі қоймасын құртып жіберуге ықпалын тигізген. Кейін Сталинград, Дон майдандары құрамында соғысқа қатысып, 1942 жылы «Казачий курган» асуында болған шайқаста «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады.  Осы қақтығыста жараланып, госпитальда емделген соң, қайтадан қатарға қосылған гвардия сержанты Қожамсейіт Шаяхметов 5726 Ново-Бугский, Суворов және Б.Хмельницкий атындағы атқыштар дивизиялары құрамында шайқастарға қатысып, Беларусия, Украина жерлерін жаудан азат етуде көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз», екі мәрте «Әскери Қызыл Ту» ордендерімен марапатталады.