Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Елбасы – құрметті Сенатор

Айхан ШӘРІП
Мамыр 31, 2019
Саясат
1
қаралым

Елбасының атына Nur Otan партиясының жеңісіне орай бірнеше елдің басшыларынан құттықтау хаттар келіп түсті

Хаттар мен жеделхаттар

Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді

Сенат басшысы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен жалпы отырыста Парла­менттің Жоғарғы палатасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесін беру жөнінде шешім қабылдады.

Қазақстан Президенті лауа­зымына кіріскендегі сөзінде Қ.Тоқаев қазақстандық мем­лекеттілік пен парламентаризмді қалыптастырудағы және да­мытудағы тарихи рөлін танудың белгісі ретінде Елбасыға осындай мәртебе беру бастамасын жария еткен болатын.

Бұл бастаманы қолдап сөй­леген сенатор Талғат Мұсабаев Қазақстан парламентаризмін дамыту үдерісі – Елбасының ақылға салынған саяси стра­тегиясының нәтижесі екеніне назар аудартты.

– Биліктің барлық тармақ­тары арасында тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін құру арқылы ел Парламенті тек заң шығару тетігіне ғана емес, мемлекеттің орнықты дамуына бағытталған мақсаттарына да жауап беретін беделді мемлекеттік органға айналды. Парламент ұлттық мем­лекеттіліктің негіздерін бе­кітуде, Қазақстанның қоғамдық өмірінің барлық салаларында заңнамалық базасын дамытуда іргелі рөл атқарады. Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлына «Құрметті сенатор» мәртебесін беру туралы ұсынылған идеяны уақытылы және дұрыс деп санаймын! – деді ғарышкер.

Оның дәйектеуінше, Н.На­зарбаев Парламенттің беделін шетелде танытуға, сондай-ақ демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет негіздерін қалыптастыруға баға жетпес үлес қосты.

«Осы мәртебені Елбасыға беру – ел дамуының страте­гия­лық бағытын айқындаушы, мемлекет негізін қалаушы тұлға ретіндегі тарихи еңбегін бағалау­дың айқын көрінісі», – деген пікірде сенатор.

Оның әріптесі Ә.Бектаев бұл шешім «Сенат қабырғасында қа­былданған тарихи және ма­ңызды шешімдердің бірі де бі­ре­гейі болатынына» сенім білдірді.

– «Құрметті сенатор» мәрте­бесін беру – отандық қос пала­талы парламентаризмнің негізін салған және оның дамуына теңдессіз үлес қосқан, еліміздің бірлігі мен ынтымағын қамта­масыз ете отырып, стратегиялық даму бағдарын айқындаған Елбасының сіңірген тарихи еңбегін мойындаудың тағы да бір белгісі. Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдары өте қиын өтпелі кезеңнен өтті. Заманауи мемлекет құрудың бар ауыртпалығын да, жауапкер­шілігін де Нұрсұлтан Назарбаев өз мойнына алды. Сол кездегі басынан өткен қиындықтарды тек Елбасының өзі ғана біледі. Біз біле бермейміз, бірақ сезі­неміз, – деді ол.

Сондай ауыр жағдайда Қа­зақстанның Конституциясы қабылданып, екі палаталы Парламенті құрылды, қаншама заңдар, ел экономикасын көтеру жолында көптеген маңызды шешімдер қабылданды.

– Елін сүйген, елі сенген Елбасының әлем мойындаған, әлем құрметтеген абызға айна­луы біздің халқымыздың ұр­пақ­­тан ұрпаққа жалғасып келе жатқан тектілігінің, Ұлы дала ұрпақтарының ананың сү­тімен, атаның қанымен сіңген ерекше қасиетінің бір көрінісі деп те айтуға болады. Текті елде ғана текті ұл туады. Текті ұлын төбеге көтеріп ту еткен ел ғана өзінің тектілігін жоғалт­пайтыны да тарихтан белгілі. Сондықтан да Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиден­тіне бүкіл дүниежүзі бас иіп, құрмет көрсетіп отырған­да, біздің бүгінгі қабылдайтын шешіміміз теңізге тамған там­шыдай ғана екені анық. Ел­басыға «Құр­мет­ті сенатор» мәртебесінің бе­рі­луі Сенаттың абыройын асы­рып, біздің бар­лығымызға, Се­нат депу­тат­та­рына қосымша жауапкершілік жүктейтіні дау­сыз, – деді Ә.Бектаев.

Сенатор В.Волков та осы бастаманы қоштай сөйледі:

«Егемен Қазақстанның бар­лық жетістіктері, оның жоғарғы халықаралық беделі, тұрақты және орнықты дамуы – Тұңғыш Президентіміздің есімімен байланысты!» – деді ол.

Бұл бастаманы сенаторлар бірауыздан қолдады.

 
Тегтер: «Құрметті сенатор» мәртебесіДариға НазарбаеваЕлбасы – құрметті СенаторНұрсұлтан Назарбаев
Алдыңғы жаңалық

Сирек мамандар сиреп…

Келесі жаңалық

Бизнеске төнген қауіпті сейілтті

Ұқсас жаңалықтар

тұрмыстық зорлық - Жәмилә Нұрманбетова
Nur Otan

Nur Otan депутаты тұрмыстық зорлыққа қарсы заң жобасын пысықтауды ұсынды

Қаңтар 21, 2021
Қырғызстан Республикасы, Садыр Жапаров, инаугурация
Жаңалықтар

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді

Қаңтар 21, 2021
Nur Otan, Жанар Әлібекқызы Бектаева, Шымкент
Жаңалықтар

Бектаева Nur Otan-ға келді

Қаңтар 21, 2021
Сенат, Мәулен Әшімбаев, Президент, заң, пікір
Жаңалықтар

Әр заң жобасын талқылаған кезде қоғамдағы пікірді ескеруіміз керек – Мәулен Әшімбаев

Қаңтар 21, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордалық «Барыс» сырт айдында Мәскеулік «Динамоны» жеңді

Қаңтар 22, 01:08

Нұр-Сұлтанда жолақыны SMS арқылы төлеу тоқтатылады

Қаңтар 22, 00:21

Еліміздің бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 21, 23:47

СҚО-да жоғалып кеткен зейнеткердің денесі табылды

Қаңтар 21, 23:10

«Ордабасы» клубына жаңа бапкер келді

Қаңтар 21, 22:44

Әскерге шақырылғандарды SMS хабарлама арқылы хабардар етеді

Қаңтар 21, 22:18

Қарттар үйіндегі өрттен 15 адам көз жұмды

Қаңтар 21, 21:45
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Барыс

Елордалық «Барыс» сырт айдында Мәскеулік «Динамоны» жеңді

Қаңтар 22, 2021
SMS

Нұр-Сұлтанда жолақыны SMS арқылы төлеу тоқтатылады

Қаңтар 22, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»