Отан үшін от кешкен
Отан үшін от кешкен
©Сурет интернеттен алынды.
1925 туған Әбек Сағандықов Ұлы отан соғысына қатысып, III және II дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, «Жауынгерлік Қызыл Ту» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Өзі Таран ауданы, Қызыл-Жар ауылынан бар-жоғы он жеті жасында соғысқа аттанған екен. [caption id="attachment_40461" align="alignleft" width="527"] width= ©Сурет интернеттен алынды.[/caption] Соғыста 197 Брянск атқыштар дивизиясының құрамында болған. Ол 1945 жылдың 13 ақпанының түнгі мезгілінде бірінші болып өзеннің батыс жағалауына бағыттаған. Ол сол кезде Қызыл жауынгер қатарында болып, Одер өзенін қалыптастыру кезінде  сымдармен қоршалған қоршаулардың өткел жолдарын 100 минадан залалсындандырған. Сөйтіп, әскеріміздің алға қарай жылжуына жол ашқан. Жас жауынгердің ісін бөлім командирі жоғары бағалаған, өйткені ол жау қолынан тартып алынған неміс қаласы Берлинде жалау тағуға үлес қосқан.