Жол құрылысының қарқыны қандай?
Жол құрылысының қарқыны қандай?
228
оқылды

Мәжілістегі Nur Otan партиясы фракциясы жанындағы «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарлама­сына бөлінетін Ұлттық Қор мен бюджеттік қаражатты тиімді пайдалануды ба­қы­­лау бойынша комис­сия мүшелері мен оның төра­ғасы, Мәжіліс депу­та­ты Глеб Щегельский «Щучинск-Зеренді» тас жолд­ың құрылыс бары­сымен танысты. Онда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарлама­сы «Көлік-логистикалық инфра­құры­лымын дамы­ту» бойынша орындауға бө­лін­ген қар­жының ны­са­налы әрі тиім­ді жұмсалы­мын бақы­лау бойынша комиссия жұ­­мысы жүргізілді.

«Щучинск-Зеренді» тас жолы курторттық екі аймақ Бу­рабай мен Зерендінің ортасын жалғайтын негізгі жол саналады. Жалпы ұзындығы 80 шақырым болатын автожолға қайта жөндеу жұмыстарын «Казахдорстрой» ЖШС жүргізіп жатыр. Бас мер­дігер жобаға сәйкес жол бойына 63 су өткізу құбырын, 2 демалыс алаңын, 4 автобус па­вильонын, 15 шақырым қар ұс­тайтын қор­шаулар мен 14 ша­қырым тос­қауыл қоршауларын орнатуы тиіс.

«Қазавтожол ҰҚ» АҚ Ақмола облыстық филиалының бас­шысы Төлеген Абудллин жолдың құрылыс барысымен таныс­ты­рып, жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

– 2019 жылы жолшылар көлік жолының 16 шақырымына төменгі қабатына асфальт-бетон, 32,4 шақырымына жоғары қаба­тына ұсақ түйіршікті асфальт-бетон төсеу жұмыстары жүр­гі­зілуде. Қазіргі таңда жол-құры­лыс материалдары толық кө­лемде дайын. Бүгінде жер төсем­дерін кептіру, жол жиектерін айналма жолға сәйкес келтіру, айналма жолды салу үшін тасқын суларды бұру бойынша жұмыстар атқарылуда. Жобаны 2019 жыл­дың соңына дейін толық аяқтау жоспарланды, – деді ол.

Сонымен қатар Зеренді кен­тіндегі бағдаршам қиы­лыс­тарын және М.Ғабдуллин, Сера­фи­мов­ка ауылдарының жанынан өтетін автожолдың бойын жа­рық­тан­дыру бойынша жұмыс қарқынды жүруде. Осы жоба аясында Зе­ренді кентіндегі ДЭУ-73 (жолға қызмет көрсету ке­шені) және Щучинск қаласын­дағы ДЭУ-5 қайта құру қарас­тырылған. Қайта жаңарту жұ­мыстары не­гізінде «Щучинск-Зеренді» ба­ғытын­дағы жол II және III тех­никалық санаттағы асфальт-бетонды екі жолақты автожол болады. 80 ша­қырымға созыл­ған жобаның жал­пы құны 15 млрд теңгені құ­ра­­ды. Бүгінгі күнге дейін 11,7 млрд тең­ге иге­рілді. Ал құрылыс жұ­мыс­­тарына 423 адам мен 207 жол-құ­рылыс техникасы тартылды.

Бурабай мен Зеренді курорт­ты аймағын жалғайтын маңызды құрылыс бойынша туризм сала­сына тоқталып өткен Ақмола облысының әкімі Марат Иғали туризмнің маңызды жобала­ры­мен таныстырды. Оның ішінде жол құрылысы, жол бойындағы дәмхана, қонақүй мен тұрғын­дарға арналған сервис сапасын жақсарту бойынша атқарылған ілкімді істерді атап өтті.

Жолдың салыну объектісіне барған мәжілісмендер құрылыс техникасының мүмкіндіктерін көріп, атқарылып жатқан жұ­мыс­қа оң бағасын берді. Олар өз ке­зегінде қазақстандықтардың са­па­лы өмір сүруінің бір тармағы жолдың жақсы боулына байла­нысты екенін тілге тиек етіп, жо­ба­ны уақытында аяқтауды тапсырды.