COVID-19: Алматыда жаңадан тіркелгендер қатары көбейді

COVID-19: Алматыда жаңадан тіркелгендер қатары көбейді

Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 1140 жағдайы тіркелді.   Кешегі күні жаңадан 114, бүгін 14.00-де 89 жағдай болды.   Олардың 16-сы провизорлық стационарда карантиндегі вирусы бар адаммен байланыста болғандар, 4-уі Мәскеу-Ақтөбе-Алматы рейсімен ұшып келгендер, олар ұшып келген соң стационарда карантинде болды.  Қалғандары тестілеу нәтижесінде вирусы жаңадан анықталғандар.   Олармен байланыста болған барлық адамдар табылды және провизорлық госпитальдарға карантинге орналастырылды.   Инфекциялық стационарларда 1015 адам емделуде, оның ішінде 39-ы бала.   Екі адамның жай-күйі – өте ауыр, 27 адамда – ауыр, 208 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында – қанағаттанарлық. ​ Провизорлық госпитальдарда 395 адам, карантиндік оқшаулауда 366, үйде 11846 адам бар.   Өткен тәуліктерде Алматыда 15 науқас коронавирустық инфекциядан сауығып, емдеуден шығарылды.   Оның ішінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың 10 медицина қызметкері, 4 Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкері және 1 әйел вирусы бұрын анықталған науқаспен байланыста болған 1964 жылы туған пациент. Бұл пациент 2 сәуірден бастап емдеуде болған. Қалған пациенттерді емдеу орта есеппен 16-18 күнге созылды.   10 адамның жай-күйі орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланды, 7 адамның екі жақты полисегментті пневмониясы бар, қалған адамдарда аурудың жеңіл ағымы болды.

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ