Н.Нығматулин: Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтаймын!
Н.Нығматулин: Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтаймын!
©Ж.Құспанов
186
оқылды
Бұл туралы Нұрлан Нығматулин Twitter-дегі парақшасында: «Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтаймын! Бейбітшілік пен келісім біздің негізгі байлығымыз. Күш бірлікте. Біздің халқымыз берекесі мен ынтымағының арқасында барлық қиындықты жеңетіні сөзсіз. Баршаңызға денсаулық, бақыт, ырыс-құт тілеймін!» деп жазды. Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы бұл мерекенің еліміздің мәдениетінен ерекше орын алатынын, өйткені ол үлкен жасампаз құндылыққа ие екенін атап өтті. Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, Қазақстан халқына тән қоғамдық келісім мен патриотизм тұрғылықты елдің даналығы мен нағыз құндылықтарды сақтауға және нығайтуға бағытталған мемлекеттің ерекше ықыласын білдіреді. «Біздің елімізде тұратын барлық этностардың дәстүрлеріне құрмет, түрлі сенімдегі адамдардың өзара түсіністігі – барша қазақстандық халықтың рухани құндылықтарын арттыру, әрбір отбасындағы тыныштықтың және  Қазақстанның табысты дамуының кепілі», - деді Нұрлан Нығматулин.