Өзбекстандағы Сардоба су қоймасындағы апаттан Түркістан облысының бірқатар елдімекендері эвакуациялануы мүмкін

Өзбекстандағы Сардоба су қоймасындағы апаттан Түркістан облысының бірқатар елдімекендері эвакуациялануы мүмкін

Өзбекстандағы Сардоба су қоймасындағы апаттан Түркістан облысының бірқатар елді мекендерінің тұрғындарын эвакуациялау мәселесі қарастырылып жатыр, – деп хабарлады өңірлік коммуникация қызметі.

"Өзбекстан Республикасы ТЖМ шұғыл мәліметіне сәйкес, 2020 жылғы 1 мамыр күні сағат 20.15-те Сардоба су қоймасынан аққан су тоқтаған. Қазіргі таңда Мақтаарал ауданы әкімдігі Жантақсай ауылында орналасқан №16 орта мектепте шұғыл штаб құрып, Жаңа Жол ауылдық округінің 1900 тұрғыны бар Жеңіс елдімекенін және 320 тұрғыны бар Жаңа Тұрмыс елдімекендерін эвакуациялау мәселесі қарастырылуда", – делінген хабарламада.
Аталған елдімекендердің тұрғындарын Мырзакент ауылындағы «А. Пушкин», «Жаңа Жол», «С. Рахимов» атындағы орта мектептерде орналастырылады. Түркістан облысы ТЖД мамандарының барлық күші, Мақтаарал, Жетісай аудандарының қызметкерлері оқиға орнына жұмылдырылды.