Ұлттық спортты сөз етті
Ұлттық спортты сөз етті

Ел басқару үшін сайлауға түсіп жатқан кандидат Сәдібек Түгелдің Алматы облысы бойынша сенімді өкілдері ұлттық және ат спорты түрлерінен спорт мектебінің ұжымымен және қала тұрғындарымен кездесті.

Штаб өкілдері үміткердің сай­лауалды тұғырнамасын таныстырып, осы күнге дейінгі өткізген іс-шаралары жөнінде есеп берді. Өңірлік штаб жетекшісі Бақытгүл Қожабергенова штаб құрамы, үгіт-насихат ма­териалдары, атқарылып жатқан жұмыстар жайлы жан-жақты айтып берді. Сондай-ақ жиылған қауымға Сәдібек Түгелдің сайлауалды плат­фомасын таныстырды. Бағдарламада басты назар аударылған мәселелер жөнінде әңгімелеп, құжаттың бірқатар тұстарын ортақ талқыға салды. Бас­қосуда ұлттық спорт түрлерін дамыту мәселесі де сөз болды. Қа­тысушылар штаб жетекшілеріне әртүрлі сұрақтар қойып, жауап алды.

Сәдібек Түгелдің сенімді өкілі, журналист Ғалия Балтабай Павлодар жұртшылығымен кездесті. Павлодар қаласындағы Бұқар жырау атындағы музейде өткен жиында үміткердің сайлауалды платформасы талқыланды. Сенімді өкіл кездесуге жиналған көпшілікті Сәдібек Түгелдің сай­лауалды бағдарламасымен жан-жақты таныстырып, сұрақтарына жауап берді. Жиналғандар алдында «Сағым жылдар» ансамблі өнер көрсетті. Ал ансамбльдің батагөй әжесі, рес­публикалық бата беруден өткен конкурстың жеңімпазы Бақытжамал Елеукенова үміткерге бата беріп, ақжол тіледі.


Айдана БЕГІМ