"Әкемнің бала кезінен тағдыры қиын болды": Тоқаев майдангер әкесі жайлы айтты
"Әкемнің бала кезінен тағдыры қиын болды": Тоқаев майдангер әкесі жайлы айтты
190
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Мир" телеарнасына берген сұқбатында майдангер әкесі жайлы айтып берді. "Әкемнің бала кезінен тағдыры қиын болды. Ерте жетім қалды. Балалар үйінде, содан кейін интернатта тәрбиеленді. Көп уақыт өтпей соғыс басталды. Соғыс ол үшін тағы да батылдық пен төзімділіктің сынағы болды. Ол соғыста көп қиындықты басынан өткерді, оның үрейлі сынағынан өтті. Қорқыныш пен қайғы-қасіретті жеңе білді", - деді ел президенті. Мемлекет басшысының сөзінше, оның әкесі соғыс туралы, ерліктер мен марапаттар жайлы сөйлескенді ұнатпаған. "Жақында ол 1945 жылдың ақпан-маусым айларында ауыр жарақаттан кейін емделген Омбыда соғыс ардагерлері госпиталінде әкеме арналған ескерткіш тақта орнатылғанын естідім. Омбы облысы мен қала басшылығына әкемді есте қалдырғаны үшін алғыс білдіремін", - деді Тоқаев. Айта кетейік, Қазақстан Президентінің әкесі Кемел Тоқаев 1923 жылы өмірге келіп, 1986 жылы дүниеден озды. Ол Ұлы Отан соғысының қатысушысы, белгілі жазушы.