Джек Ма Алматыға екінші рет гуманитарлық көмек жіберді
Джек Ма Алматыға екінші рет гуманитарлық көмек жіберді
123
оқылды
Джек Мадан гуманитарлық көмектің екінші партиясы Алматыға жетті, - деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 1 мамырда Алматыға "Джек Ма" және "Alibaba Group" қорларының гуманитарлық көмегінің екінші партиясы жеткізілді, онда тест жүйелері (50 016 дана) мен өкпені жасанды желдету аппараттары (30 дана) бар.
Гуманитарлық жүкті медициналық мекемелер арасында тарату үшін бірыңғай дистрибьютор – "СҚ-Фармация" ЖШС қабылдап алды.
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Үкіметінің атынан "Джек Ма" және "Alibaba Group" қорларына COVID-19 індетімен күрестегі маңызды көмегі үшін алғыс білдіреді. Осыған дейін 10 сәуірде белгілі қытайлық кәсіпкер елімізге 4,5 тоннадан астам медициналық қорғау құралдарын (медициналық маска, қорғаныс костюмдер, медициналық қолғап, түйіспесіз термометрлер) жолдаған болатын.