Халық үшін қан төккендер
Халық үшін қан төккендер
©Сурет интернеттен алынды
22 жастағы Намкен Нұржанов әскерге 1942 жылы шақырылды. Звеногород орденін алған Суворовтың 94 атқыштар дивизиясы 283-атқыштар полкі 6-атқыштар ротасының взвод командирінің көмекшісі.  Соғыс жылдарындағы ерен ерлігі үшін «Қызыл ту» ордені, «Ерлігі үшін» медалі және «Әскери ерлігі үшін» медалімен марапатталған. [caption id="attachment_40605" align="alignleft" width="569"] width= ©Сурет интернеттен алынды[/caption] 1945 жылдың 16 сәуірінде әскеріміз Германияның Барденбург провинциясындағы Лечин елді мекенінің батыс бөлігіне қарай жасақталды. Бар мақсат – жаудың Берлин бағыты бойынша әк зауыдтың маңындағы өте мықты қорғаныс бекінісін бұзып өту. Сонда Намкен Нұржанов жау траншеясын гранатамен басып кіріп, пулеметтік орынды құртып, жаудың алтауын өлтірді. Ұрыс барысында взвод командирі қатардан шығып қалды. Намкен Нұржанов команданың басқарушылығын мойнына ала отырып, жау артынан қалмай, ақырында взводы заводты бірінші болып басып кірді. Олар 4 пулеметтік орынды жойып, қарсыластың екі цехын тазалап шыққан. Ал сол жылдың 29 суірінде Берлин үшін шайқаста Намкен Нұржановтың басшылығымен  жаудың бой бермей отырған қарсылығын сындырып жіберді. Қарсыластың төрт қабатты ғимаратын басып берді. Ондағы 30 шақты неміс офицері мен сарбаздарын көзін жойып, 3 станкілі пулеметті қолға түсірді.