Кент тұрғындарымен кездесті
Кент тұрғындарымен кездесті
171
оқылды

«Ұлт тағдыры» қозғалысы үміт артқан кандидат Әміржан Қосановтың Шығыс Қазақстан облысындағы сайлауалды штабы Зайсан, Аягөз, Қалбатау кенттерін аралады. Штаб өкілдері жергілікті тұрғындармен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Халықпен кездесуде сенімді өкілдер платформаның негізгі бағыттарын атап өтіп, тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Іс-шара барысында ауыл тұрғындары, ақсақалдар сөз сөйлеп, көзқарастарымен бөлісті, бірқатар мәселелер көтеріліп, шешу жолдары талқыланды.

Әміржан Қосановтың Атыраудағы облыстық сайлауалды штабының мүшелері және сенімді өкілдері қаладағы «Ақжелкен» шығармашылық орталығының ұжымымен кездесті. Кездесуді облыстық штаб бастығы Ғалымжан Өтебаев жүргізді. Штаб мүшелері кандидаттың сайлауалды платформасын таныстырып, кандидаттың түрлі мәселеге көзқарасы жайлы баяндап берді. Сондай-ақ олар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Көкшетауда Ә.Қосановтың облыстық сайлауалды штабында сайлау күні учас­келерде дауыс беру процесін қадағалайтын бақылаушылар үшін семинар өткізілді. Саясаттанушы Дос Көшім бүкіл ел бойынша байқаушылар дайындауды жалғастыруда. Ол тренинг аясында бақылаушылардың құ­қық­тары мен міндеттері, сайлау кезінде болуы ықтимал түрлі жағдайлардағы әрекеттері жайлы түсіндірді.


Айдана БЕГІМ