Мемлекет басшысы Дариға Назарбаеваға алғыс айтты
Мемлекет басшысы Дариға Назарбаеваға алғыс айтты
© inform.kz
5,146
оқылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттың экс-депутаты Дариға Назарбаеваға алғыс айтты. «Дариға Назарбаеваға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы ретінде атқарған белсенді және жемісті жұмысы үшін ризашылығымды білдіремін», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында. Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен Дариға Назарбаеваның Сенат депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтаған болатын.