Гвардия лейтенанты Шабай Ромазанов 1918 жылы дүниеге келген. Ол соғыста автоматшылар взводының командирі болды. Әскерге 1938 жылы шақырылған ол, соғыс жылдарында көрсеткен батырлығы үшін «Қызыл ту» және «Қызыл жұлдыз» ордендерін иеленген. Долгелин елді мекеннің оңтүстік-батысындағы биіктігін жаулауда асқан қайсарлық танытқан болатын. Ол 1945 жылдың 18 сәуірі еді. Сол кезде Шабай Рамазанов өз взводымен жау траншеясын бұзып кіріп, неміс әскерінің 25 қырып салды. Соның арқасында әскеріміздің басқа полктері белгіленген жерге жетіп, басып алуына мүмкіндік берді. Сөйтіп, Берлин қаласындағы шайқаста өміріне қауіпті болса да, немістер химиялық заводын басып кірді. Жер төледе тыңшылықта жатқан жаумен қиян-кесті шайқасқа түсіп, бір өзі 80-ге жуық сарбазды қырып, 120-сын қолға түсірді. Сол бір соңғы шайқаста өзі де жараланған болатын.