Ел қамын ойлаған азамат
Ел қамын ойлаған азамат
©Сурет интернеттен алынды.
137
оқылды
Валентин Незаметдинов Ұлы Отан соғыс жылдарында көрсеткен батылдығына екі рет «Ерлігі үшін» және Ленинград қорғаны үшін» медальдарымен марапатталған.

Ол батальонның кіші командирлері арасындағы ең үздігі болды. Оның бөлімі әрқашанда тапсырманы орындауда сақадай сай болатын.  Мәселен, оларға Нойфорвсер қаласына біздің десанттың өтуін қамтамассыз етуі керек еді. Сондықтан күндіз әскеріміз саябақ иелігіндегі үйлерге каналдан әдейі су кетіреді. Себебі сол жерде қарсылас арнайы әдіспен оқ атып отырды. Соған қарай жауға білдіртпей алдымен жаяу әскер жіберілді. Ал Валентин Незаметдинов артиллериялық дайындық бойынша Өлі Висла өзенінің арғы бетіне өтуі керек еді.

Жау қарсыластың бұлай баса көктеп келетінін күтпеді.  Өйткені артиллерия оғын десанттар қонған жерге ыңғайлады. Сап етіп келе қалған командирге жағалауда отырған неміс тұтқынға беріле салды. Содан Валентин жағалаудағы әскерді арғы бетке өткізді. Валентин екінші рейс жасап жатқанында жау байқап қалып, оған оқ жаудырады. Кесірінен қайық отқа оранып, понтонның бірнеше жері тесіледі. Сол кезде Валентин қайықты тастай салып, қалқыма көпірді жағалауға жалғыз өзі сүйреп апарып, жарақаттанғандарды арғы бетке өткізген. Қарсыластың шабуылына қарамастан бүкіл десантты шығарып алған болатын.