1912 жылы туған Александр Несмиянов соғыс жылдарында 1-атқыштар батальонның командирі болды. Өзі әскерге 1934 жылы шақырылған. Шығысқазақстандық батырдың соғыс жылдарындағы шайқаста көрсеткен ерлігіне орай екі рет «Ерлігі үшін» және «Ленинградтың қорғанысы үшін» медальдерімен марапатталды. 1943 жылдың 3 қарашасында Александр Несмиянов Түрік қабырғасындағы шайқаста асқан ерлік көрсеткен. Әр шақырым мина мен зеңбіректерге толы, қарсыластың шабуылына бой бермей ұрысқа шыққан батырдың бірі. Жаудың басымдығына қарамастан біздің әскер қоршауды жаулап алған. Сол шайқаста олар екі автоматты пулеметті, 5 минеметті қолға түсірді. Қорғанға бірінші болып кірген Александр Несмиянов бір өзі 20-ға жуық неміспен арпалысады. Бұл ұрыста ол 13-ін құлатады, ал қалғаны қашып құтылады.