Қытай миллиардері Джек Ма Қазақстанға екінші мәрте гуманитарлық көмек жіберді
Қытай миллиардері Джек Ма Қазақстанға екінші мәрте гуманитарлық көмек жіберді
Фото: Интернеттен алынды
174
оқылды
Джек Ма 50 мыңнан астам коронавирусты анықтауға арналған тест және ауыр халде жатқан науқастарға арналған өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберді. Тестілер мен медициналық жабдықтар вирус  жұқтырғандарды қабылдайтын клиникаларға беріледі. Жақын арада елімізге Түркия мен Оңтүстік Кореядан медициналық мақсаттағы гуманитарлық жүк жөнелтіледі.