Сардоба апаты: Қазақстандағы су шайып кеткен елді мекендер қанша шығынға батты?
Сардоба апаты: Қазақстандағы су шайып кеткен елді мекендер қанша шығынға батты?
Фото: Интернеттен алынды
217
оқылды
Мақтаарал ауданындағы су тасқынына байланысты 2243 азамат қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды. Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрғали Жүнісовтің айтуынша, судан қауіп төнген Нұрлы жол мен Фердоуси ауылдарынан 415 үйдің 3200-ден астам тұрғыны да қауіпсіз аймаққа шығарылған. Қазірге дейін 5400 тұрғын қауіпсіз жерге орналастырылған. «Жалпы су тасқыны аудан бойынша 4 елді мекенге қауіп төндірді. Бұл дегеніміз 4624 халық тіршілік кешіп жатқан 868 үй су астында қалуы мүмкін еді деген сөз. Алайда, қазір дер кезінде қолға алынған шаралардың арқасында қауіптің беті қайтты. Төтенше жағдайға байланысты 18 эвакуациялық орындар дайындалды. Олар: Атакент, Мақтарал, Жамбыл елді мекендерінде орналасқан. Апаттан құтқару жұмыстарына 630 адам, 2 су көлігі және 56 техника жұмылдырылды. Қажетті шаралар тиісті деңгейде атқарылып жатыр», – деді Нұрғали Жүнісов. Сондай-ақ, онлайн брифингте аудан әкімі Бақыт Асанов қауіпсіз аймаққа көшірілген тұрғындардың жағдайын айтып өтті. «Эвакуацияланған ауыл тұрғындары мектептерге жайғастырылды. Коронавирус індетінің таралуының алдын алу үшін эвакуацияланған азаматтарға медициналық бетперде мен антисептиктер таратылды. Қазіргі таңда төтенше жағдайдан келген шығын көлемін есептеу жұмыстары жүргізілуде», – деді Бақыт Асанов. Айта кетейік, қазір аудан орталығы Мырзакент кентінде қауіп күшеюіне байланысты тұрғындар эвакуацияланды. Бұл жұмыстарға көрші жатқан Келес, Жетісай, Шардара, Сарыағаш аудандарының әкімшілігі атсалысуда.