Түркістан облысы: Су басқан тағы бір ауылдың тұрғындары көшіріліп жатыр  
Түркістан облысы: Су басқан тағы бір ауылдың тұрғындары көшіріліп жатыр  
171
оқылды
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында енді Өргебас елді мекенін су басты. Облыс әкімдігінің шұғыл мәліметі бойынша «Бүгін таңғы 05.00-тен бастап 250 үйі суға батқан Фердоуси ауылы бағытынан Жаңажол ауылдық округінің Өргебас елдімекеніне қарай су келе бастады. Екі ауылдың ара қашықтығы - 3 шақырым. Таңғы 8.00-де су Өргебас елді мекенінің 194 үйін басып қалды. Ауылдың 1451 тұрғыны эвакуацияланды. Көшіру барысында зардап шеккендер жоқ» делінген хабарламада. Айта кетейік, төтенше жағдай қалыптасқан Мақтаарал ауданында су деңгейі төмендейтін түрі жоқ. Қайта су басқан ауылдар саны көбейіп барады. Бастапқыда төрт елдімекеннің халқы қауіпсіз жерге көшірілді. Бүгін түнде аудан орталығынан 12 мыңдай адам эвакуацияланды.