Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының хабарлауынша, вирусқа шалдыққандардың үшеуі 1971, 1973 және 2016 жылдары туған Қызылорда қаласының тұрғыны болса, тағы біреуі – 1977 жылғы Жаңақорған ауданының тұрғыны. Аталған азаматтардың біреуінен ПТР сынамалары Нұр-Сұлтан қаласынан келуіне байланысты алынса, қалған 3 адамнан коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты алынған. Диагностикалық зерттеу қорытындысы олардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Қазіргі таңда олар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр. Ауру ошағында індетке қарсы іс-шаралар атқарылып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда. Соңғы мәлімет бойынша Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 214 адам тіркелген, оның ішінде емделіп шыққандар саны – 127, ем қабылдап жатқандар саны – 87.