Қала әкімдігі бірнеше тұрғын үйдің төрт подъезін карантинге жапты. «2 мамырда әртүрлі тұрғын үйдің, соның ішінде «Номад» тұрғын үй кешенінің подъезді карантинге алынды. Подъездерде дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Сол үйлердегі тұрғындарға далаға шығуға болмайды, олар үйде отыруы керек және ол подъездерге ешкімге кіруге болмайды» делінген ресми хабарламада. Карантин аумағы ескерту белгілерімен қоршалған. Полиция қызметкерлері күзетеді. «Подъездер карантинге қалалық санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша жабылады. Бұл шараның бәрі қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жасалған» делінген хабарламада.