Ерлік сыны - елдікте
Ерлік сыны - елдікте
©Сурет интернеттен алынды
Капитан Саябек Шарипов 1922 жылы дүниеге келген. Ақмола облысының қазағы әскерге 19 жасында шақырылды. Соғыс жылдарында 360-атқыштар полкіне қарайтын 120 мм минометтік  минбатареяның командирі болды. Ұрыс алаңында көрсеткен батылдығы үшін ол «Ерлігі үшін» медалімен, «Қызыл ту» және І дәрежелі «Дүниежүзілік соғыс» ордендерімен марапатталған. 1944 жылдың 7 қарашасында Апатин қаласының маңындағы Дунай өзенін басып алуда ептілік көрсетіп, Саябек Шарипов батареяның оқ ату орындарын өзі белгілеп отырған. Нәтижесінде, жаудың 4 станкілі пулеметі, 2 көлігі және екі минометті батарея жойылды. Сонымен қатар, немістің 25-тен астам сарбазы қаза болды. Сөйтіп, Дунай өзені басып алынды.