Президент әскери парадты кейінге қалдыра алмайтынын мәлімдеді
Президент әскери парадты кейінге қалдыра алмайтынын мәлімдеді
Фото: Интернеттен алынды
207
оқылды
Беларусь президенті Александр Лукашенко коронавирус пандемиясы үшін 9 мамырда ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай өтетін әскери парадты кейінге қалдыра алмайтынын мәлімдеді. Президент шараға ешкімді күштеп әкелмеу қажетін ескертті. «Біз парадты кейінге қалдыра алмаймыз. Мен ұзақ ойландым. Әрине, бұл - эмоция, идеология жағынан өте маңызды дүние. Біз оларды  ұмытпауымыз керек. Олар вирустан немесе басқа аурудан көз жұмған шығар. Олар біз үшін өмірін қиды. Соғыс ардаргерлері аз. Олар бізді түсінеді. Біз оларды қорғауымыз керек. Олар осы шараға әкелуімізді сұрады ғой. Олардың жасы 90-нан асты. Не істейтінімізді тағы ойналанамыз. Мен қарияларды қорғауымыз керек  деген тактиканы ұстанамын. Біз бұл инфекция алдымен қарияларға жабысатынын көріп отырмыз. Бірақ жастар да ауырып жатыр. Сондықтан ауқымды шараға ешкімді әкелудің қажеті жоқ», – деді мемлекет басшысы. Tengrinews.kz  жазуынша,  Беларусьте коронавирус жұқтырғандардың саны 15 828-ге жетті. 3117 науқас жазылды, 97 адам қайтыс болды.