Командирін қорғап қалған сарбаз

Командирін қорғап қалған сарбаз

1909 жылы туған Минохмет Шакиров  Қызыл әскердің құрамында болған. Ұлы отан шайқасында ол полкімен бірге 15 күн бойы қарсыластың қоршауында болған. Сол кездерде оларда ішіп-жейтін ештеңе қалмады. Соған қарамастан саз батпақ пен су кешіп өтсе де, Минохмет Шакиров  «Максим» пулеметін өз иығынан түсірмеді.  Қолындағы бар-жоғы үш жолақ оғымен немістің екі ротасына қарсыласқан. Себебі, жау біздің әскер орналасқан Шура ауылына шабуылға шыққан. Ұрыс алаңында Минохмет жауды 50 метрге жақындатып, тас-талқанын шығарды. Пулеметтің қаруланған бір жиынтығымен-ақ қарсыластың елуін құлатқан. Сөйтіп, қалған оғын жаратпай, винтовкасымен жаудың қайта шабуылдауын күтті. Түс ауа сағат 14.00-де немістер қайта шабуылдады. Әскердің қолдауын күтпей Минохмет Шакиров қасына 11 жауынгерді  алып, «Отан үшін алға!» деген ұранмен шабуылға шықты. Қарсыласпен жекпе-жекке шыққан ол сарбаздың 12-сін құлатады. Әлгі жерде командирін тұтқынға әкетіп бара жатқанын көріп, оны қорғап қалады.  Сол уақытта 2 эскадрон көмекке келіп, әскеріміз жеңіске жетеді.