4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі. Барлық өңірде жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілді: аумағы 500 ш. м. дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін (барлық түрлері); фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер; шаштараздар (жазылу бойынша); медицина орталықтары (жазылу бойынша); стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша); жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар; шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары. Сондай-ақ, 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылорда, Петропавл, Өскемен және Семейге әуе қатынастарын қайта жанданады. Шешім Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында қабылданған болатын.