Әскерде жүргеніне бір жыл болып қойған мерзімді әскери қызметшілер Төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін ғана запасқа шығарылады. Бұл жаңалықты онлайн брифингте Қарулы күштері Бас штабының ұйымдастыру, жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастысы Сәкен Жүсіпов айтты. «Азаматтарды әскерге шақыру төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін қайта жүргізіледі. 31 тамызға дейін ұзартылады. 2019 жылы көктемде әскерге шақырылған әскери қызметшілер запасқа шығару – төтенше жағдай режимі алынған жағдайға, осы жылдың 30 маусымына дейін жүргізілетін болады. Бұл ретте әскери шақыру мен запасқа шығару қолданыстағы заңнамаға сәйкес іске асырылады. Елеулі өзгеріс болмайды», – деді Сәкен Жүсіпов. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы Жарлыққа қол қойған болатын.