Су басқан ауылдардан 31 мың адам эвакуацияланды - Мақтаарал
Су басқан ауылдардан 31 мың адам эвакуацияланды - Мақтаарал
Фото: Интернеттен алынды
244
оқылды
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су басқан елді мекендерінен 2 мамырдан бері 31 606 адам эвакуацияланған. Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметінің мәліметінше, 4 мамыр күнгі ақпарат бойынша Жаңа-Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй), Өргебас (194 үй), Достық(11 үй) елдімекендерінен жалпы саны 631 үй су астында қалған. «2 мамырда Атакент елді мекенінде 24 эвакуациялық бөлім құрылып, жұмыс жүргізіліп жатыр. Апаттан құтқару жұмыстарына жалпы саны 986 адам, 4 қайық, 180 дана техника тартылған. Полиция тарапынан Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Нұрлыжол, Иіржар елді мекендерінде бір, Т. Жайлыбаев ауылында екі блокбекет құрылып, оның жалпы саны 7-ге жетті» делінген хабарламада.