Алматы сапары жалғасты
Алматы сапары жалғасты
5,161
оқылды

Республикалық штабтың Алматы қаласындағы сапары жалғасын тапты. Кездесудің екінші күні қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерімен жүздесуден басталды.

Штаб мүшелері Елбасы ұсынған кан­дидаттың тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дарынан бастап, ел мүддесі үшін атқарған қызметтеріне және оның сай­лауалды бағдар­ламасының негізгі түйініне тоқ­талды.

– Қасым-Жомарт Тоқаев – тәуел­сіздікті нығайтуға, мемлекеттің дамуына үлес қосып келе жатқан мемлекет қайрат­кері. Ол еліміздің Үкімет басшысы, Сенат төрағасы сияқты жауапты қызметтерден бөлек, Қазақстан тарихында алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары сияқты лауазымды қызметті де абыроймен атқарды. Қазақстанда экономика, заң шығару қызметі, ішкі-сыртқы саясатты білетін, әлемдік дең­гейде мойындалған мамандар көп емес. Со­лардың бірі – Қасым-Жомарт Кемелұлы. Сондықтан Елбасымыз ең жоғары лауазымды қызметке Қасым-Жомарт Тоқаевты лайық деп ұсынды, оны партиямыз бірауыздан қолдады , – деді штаб жетекшісі Мәулен Әшімбаев.

Еске салайық, 31 мамырды Қа­зақс­тан­да саяси қуғын-сүргін және ашар­шы­лық құрбандарын еске алу күні деп бел­гілеу ту­ралы Елбасы жарлығы 1997 жылы шық­ты. Әрбір азамат «30-шы жылдардағы қу­ғын-сүргін мен алапат аштық елімізде енді ешқашан қайталан­баса» деп тілейді. Бұл туралы Алматыдағы ғылыми және шығар­ма­шылық зиялы қауым өкілдерімен кез­десу барысында Республикалық қо­ғамдық штаб жетекшісі Мәулен Әшімбаев айтты.

– Бүгін бүкіл ел болып саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін атап өтіп жатырмыз. Мұн­дай зұлмат енді қай­таланбасын, келешек ұрпақ ондай ауыр кезеңді бастан өткер­месін. Ал әділдік салтанат құруы үшін елде заң үстемдігі болуы тиіс. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз бағдарламасында көрсеткен «Әділдік» қағидасының негізі де осы, – деді ол.


Айдана БЕГІМ