Коронавируспен күрескен дәрігерлер туралы жаңа фильм түсірілді
Коронавируспен күрескен дәрігерлер туралы жаңа фильм түсірілді
Фото: Интернеттен алынды
186
оқылды
Алматыда коронавирус инфекциясымен аянбай күресіп жатқан бүгінгі күннің батырлары – дәрігерлер жайлы фильм түсірілді. Фильмде қазіргідей қиын сәтте дамыл таппай, ұйқысыз, демалыссыз жұмыс істеп жатқан ақ халатты абзал жандардың қауырт тіршілігі баяндалған. Бірден айта кетейік, фильмге кәсіби актерлер тартылған жоқ. Экшн камерамен түсірілген фильмнің ерекшелігі – оқиғаның шынайы өмірден алынғанында. «Көбінесе коронавирустың бар екеніне сенбей, не үшін қамалғанын сұрап, тест қорытындысын талап ететіндер бар. Мысалы, бүгін екі адам емделіп шыққалы жатыр. Адамдар дәрігерлердің сөзіне қарағанда «Ауырғандардың түрін, видеосын көрдіңдер ме?» дегендердің сөзіне көбірек сеніп кетеді. Амал қанша, бәріне шыдаймыз. Ұйықтап жатқан баламыздың маңдайынан иіскеп, жарымызға аманат етіп, қоштасып кеттік...» дейді фильмдегі дәрігер анестезиолог және реаниматолог Мұрат Аманбаев. Аталмыш фильмнің үзіндісі Алматы қаласы әкімдігі өкілінің Инстаграм парақшасында жарияланды. Айта кетер болсақ, өткен тәулікте Алматы шаһарында 47 науқас ауруынан айығып, отбасына оралды. Бұл – өз ісіне адал берілген ақ халатты абзал жандардың ерен еңбегінің жемісі. Ауыр науқасты жеңіп, ауруханадан шыққандардың арасында 9 медицина қызметкері де бар. Осындай жағымды жаңалықтар көбейсе екен!