Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі

Менің тапсырмам бойынша 28-31 мамырда «Жусан» арнайы гуманитарлық акциясының соңғы кезеңі табысты өтті. Сириядан отандастарымыздың кезекті то­бы оралды. Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының жүйелі жұмыс­тары­ның және шетелдік серіктестермен тығыз ықпалдастықтың арқасында қақтығыс ай­мағынан 171 бала шығарылды. Қазақстанға оралған соң, олар оңалту шара­лары­нан өтіп, барлық қажетті көмек алатын арнайы бейімдеу орталығына орна­ластырылды.

«Жусан» гуманитарлық операциясы – ауқымды акция. Бұл бастаманы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды және былтырдан бері жүзеге асырылуда. Кешенді шаралар нәтижесінде қақтығыс аймағынан Отанымызға 357 бала қайтарылды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету «Жусан» опе­рация­сының басты мақсаты болды.

«Жусан» гуманитарлық операциясының қорытындылары мемлекетіміздің өте күрделі міндеттерді тиімді шешуге қабілетті екенін көрсетті.

Осы операцияға қатысқан арнайы қызмет өкілдерінің, дипломаттардың, әске­рилердің бәріне тапсырылған жауапты миссияны абыроймен орындағаны үшін алғыс білдіремін.

Елге оралған отандастар жаңа өмір бастауға, ал балалар бейбіт өмір сүруге мүм­кіндік алды. Біз өз азаматтарымыздың құқықтары мен қауіпсіздігін алдағы уақытта да қор­ғай­тын боламыз.