Шымкент қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу кезінде үйінде есірткі притонын ұйымдастырған тұрғынды ұстады. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Төтенше жағдай кезінде 34 жастағы азаматтың ауласында есірткіні тұтынуға арналған арнайы ғимарат та болған екен. Барлық айғақты заттар тәркіленіп, аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297 және 302-баптары бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Н. Назарбек.