Есмағамбетова қазақстандықтар біртіндеп қалыпты өмірге оралатынын айтты
Есмағамбетова қазақстандықтар біртіндеп қалыпты өмірге оралатынын айтты
© сурет интернеттен алынды
Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шаралары біртіндеп босаңсуы керек екенін айтты. Бұл туралы ол онлайн баспасөз мәслихатында хабарлады. «Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шаралары біртіндеп босаңсуы керек. Осы орайда біз біртіндеп қалыпты әрі жайлы өмірге көшуіміз керек. Дегенмен карантиндік шарларды жеңілдету кезең-кезеңмен іске асырылады, яғни жағдайға қарай болады», - деді А. Есмағамбетова. Осы орайда ол карантин шаралары індетке шалдығудың күрт өсуіне тосқауыл болғанын, медициналық жүйеге жүктемені азайтқанын жеткізді. «Карантиндің шараларды жеңілдету біртіндеп іске асырылады. Бірінші кезекте адамдардың тығыз әрі ұзақ қарым-қатынасы байқалмайтын нысандар іске қосылуда. Осыны ескере отырып, тиісті қаулыда алгоритмді айқындадық», - деді Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері. Бұдан бұрын хабарланғандай, А. Есмағамбетова карантиндік шаралар өзінің нәтижесін бергенін айтты. Соңғы екі аптаның барысында тұрақты эпидемиологиялық жағдайды тіркелген.