Ел - ердің айнасы
Ел - ердің айнасы
©Сурет интернеттен алынды
Оралбай Үмекеев 1920 жылы Жамбыл облысы, Қордай облысында дүниеге келген. Кіші сержант шеңімен 78-атқыштар дивизиясы 225-гвардиялық Қызыл Ту атқыштар полкіне қарайтын 76 мм зеңбіректің реттеу командирі еді. 1944 жылдың 6 тамызында жау біздің әскерді Вислока өзенінен өткізбей, оқ астына алды.  Сонда Оралбай Үмекеев пушкасын алып шығып, дәлдікпен жаудың 5 танкілі пулеметі мен 3 зеңбірегін жойып жіберді. Оның бұл мергендігі әскеріміздің өзенді кесіп өтуіне мүмкіндік берді. Ал жалғасқан ертеңгі шайқасты ол алдыңғы шепте болды. Жауды 200-300 метрге жақындата түсіріп, бәрін бірден қырып тастады. Тіпті, бір бронетранспартерды құлатқан. Сол кезде 46 жаудың 46-ы сарбазын құртып, 3 қолды пулеметін, 1 минометін қолға түсірген. "Ерлігі үшін" медалі мен «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды.